Статьи о пользе витаминов и пептидов
Олар қалай жұмыс істейді
Циркадты ырғақтар жарық күнге бағдарланады. Яғни олардың басты реттегіші Күн болып табылады. Өйткені жүздеген мыңжылдықтар бойы адамдар (тіпті тірі ағзалардың түгелдей дерлігі) Күннің шығуымен оянып, қас қарайған соң ұйқыға кеткен.
Сондықтан біздің денеміз күн қараңғы болса, ұйықтау керектігін «біледі». Мұндайда дене температурасы төмендейді, алмасу процестері мен жүрек ырғағы бәсеңдейді, эпифиз ұйқы гормоны мелатонинді бөле бастайды. Тап осы мелатонин біздің тынығуымызға және ағзамыздың қорларын қалпына келтіруге көмектеседі.
Тиісінше, Күн шыққан кезде мелатониннің бөлінуі тоқтайды да, оның орнына серотонин бөліне бастайды. Дене белсеніп, алдағы күнге дайындалады. Осы үрдіс көптеген ғасырлар бойы қайталанып келеді.
Адамның жалпы денсаулығы мен тиімді тіршілік қызметі циркадты ырғақтардың қалыпты жұмысына тәуелді. Биологиялық сағат ақаусыз жұмыс істеуі үшін оның қоршаған әлем сигналдарымен синхрондалуы маңызды.
Неліктен циркадты ырғақтар бұзылады
Циркадты ырғақтар негізінен жарық күнге тәуелді. Жарық мөлшеріне бағдарлану арқылы ағза қандай гормондарды қандай мөлшерде және қашан бөлу керектігін «шешеді». Ми алдағы белсенділікке немесе ұйқыға дайындалулары үшін барлық жасушаларға сигналдар береді.
Алайда, бүгінгі өмір ырғағы мен техникалық жетістіктер біздің биологиялық сағатымызға кері әсерін тигізеді. Электр қуатын ойлап табу нәтижесінде біз жарық күнді ұзарта алдық. Бұл циркадты ырғақтарға әсер етпей қоймады. Түнгі отырыстар, смартфондардың жарығы, көшедегі шамдардың жарығы, жарық білте шам, теледидар – мұның барлығы ағзаның жұмысына әсер етеді.
Дене «жарық күн әлі аяқталмады» деген сигнал алады. Осы себепті мелатонин бөліне бастамайды және ағзаны ұйқыға дайындау процестері іске қосылмайды. Ояу жүру фазасы жалғасады.
Күндіз керісінше болады, уақыттың көп бөлігін біз қараңғы үй-жайларда өткіземіз. Мұның барлығы біздің сағатымыздың «баптауларының жаңылысуына» себепші болады.
Жарықтан бөлек, циркадты ырғақтарға нейродегенеративті және нейропсихиатрлық бұзылыстар әсер етеді. Күйзелістер, созылмалы шаршаңқылық, гормондық бұзылыстар.
Сондай-ақ егде жастағы адамдардың биологиялық ырғақтары бұзылады. Қарттар ұзақ уақыт бойы ұйықтай алмайтындарына және түн ішінде оянатындарына шағымданады. Олардың арасында таңертең ерте оянғаннан кейін қайта ұйықтай алмау белгілерімен сипатталатын таңғы ұйқысыздық таралған.
Циркадты ырғақтарды қалай реттеу керек
Циркадты ырғақтарды қалпына келтіру бойынша жалпы ұсыныстар бар. Олар мынадай:
-
Түнгі уақытта смартфондардың жарығындағы көк түсті өшіріп тастау,
-
Сағат 22.30-дан кешіктірмей ұйқыға жату.
-
Ұйықтар алдында жүйке жүйесінің тыныштығынан айыратын нәрселерді қарамау.
Қазіргі таңда циркадты ырғақтарды қалпына келтірудің әр алуан тәсілдері бар, бірақ олардың ең тиімдісі гормондардың (мелатонин мен серотонин) бөлінуін реттеу болып табылады. Олардың бөлінуін қалпына келтірместен ұйқыны қалпына келтіру мүмкін емес.
Биоырғақтарды қалпына келтіруге бағытталған ең тиімді құрал пептидті биореттегіштер, атап айтқанда эпифиз пептидтері болып табылады. Тап осы заттар мелатонинді, серотонинді, адреногломерулотропин мен диметилтриптаминді бөлетін томпақ денеге (эпифиз) тікелей әсер етеді.
Жоғары деңгейде тазартылған эпифиз пептидтері негізіндегі Эпитид (EPITIDE) препараты зат алмасуды қалпына келтіріп, эпифиздің жұмысындағы «кемшіліктердің» орнын толтырады. Осының арқасында ұйықтау мен ояу жүру арасындағы тепе-теңдік қалпына келтіріліп қана қоймай, жалпы психоэмоциялық және физикалық денсаулық жақсарады.
Дәрігерлер Эпитидті күйзелістерді жалпы емдеу, ұйқысыздық, созылмалы шаршаңқылық синдромы, гормондық бұзылыстар кезінде және қартаюды бәсеңдету үшін қабылдауды ұсынады.
Эпитидті біздің CLUB120 дүкенімізден сатып алуға болады.
В разделе собраны статьи об эффективности применения пептидов, а также с информацией о CLUB120