Статьи о пользе витаминов и пептидов
Әйелдердің ағзасы ерлердің ағзасына қарағанда әлсіздеу келеді. Өкінішті көрінгенімен де, біздер, әйелдерге бұл жайтты мойындау керек. Біз экология мен қоршаған ортаның зиянды әсеріне, сондай-ақ танымал еркін радикалдардың әсеріне көбірек ұшыраймыз. Сондықтан бізде қартаюға қарсы тұру қабілеті ерлерге қарағанда төменірек.
Бұған қоса, әйелдердің өмір сүру сапасы оның гормондық фонына тікелей тәуелді. Гормондық фонның дұрыс болмауынан денсаулық, сыртқы келбет пен эмоциялық күй зардап шегеді.
Мұның барлығына жүктілікті, босануды және бала емізуді (ағза ресурстарының көп бөлігін алатын), функциялардың жасқа қарай нашарлауын, бүгінгі тағамда қоректік элементтердің жетіспеушілігін қосыңыз. Нәтижесінде уақытынан бұрын қартаю ықтималдығы зор.
Осы себепті дәрумендердің, минералдар мен қоректік заттардың көмегімен ағзамыздың қорларын қалпына келтіру аса маңызды. Денсаулық пен жастықты сақтау үшін әйелдерге қандай дәрумендерді қабылдау керек?
30 жастан асқан әйелге нені қабылдау керек
30 жас – келешекте проблемалардың пайда болуына жол бермеу үшін өз денсаулығыңызды барынша жан-жақты күту қажет жас. Дене әлі микроэлементтердің жеткілікті мөлшерін жасап шығармайтындықтан, аз мөлшерде дәрумендер мен минералдар қабылдауға болады.
Әйелдер үшін ең жақсы дәрумендер:
-
А, С, Е дәрумендері. Бұлар еркін радикалдармен күресуге көмектесетін сұлулық дәрумендері. Сыртқы келбетіміздің ең жақсы одақтастары;
-
В тобының дәрумендері. Теріден бастап гормондарға дейін, ағзаның барлық функцияларына әсер етеді.
-
D дәрумені. Оны сұйық күн шуағы деп те атайды. Бұл ультракүлгін сәулелердің әсерінен өндірілетін дәруменнің тап өзі. Сүйектердің саулығын қолдайды. Д дәруменінің тәуліктік нормасы – 600-1000 ХБ. Әйелдер үшін Д дәрумені әйел гормондарының метаболизміне қатысатындықтан, маңызды рөл атқарады.
-
Магний. Ең маңызды минералдардың бірі деуге болады. Ағзаның 300-ден астам процесіне қатысады.
-
Омега 3. Несеп-жыныс жүйесі мен қан тамырларының саулығын қолдап отырады.
40 жастан кейін жоғарыда көрсетілген дәрумендер мен минералдардың көлемін ұлғайту керек, себебі бұл уақытта олардың өндірілуі төмендеп, тиісінше ағзаның оларды қажетсіну көрсеткіші артады.
Жоғарыда көрсетілген дәрумендерге келесілерді қосқан жөн:
-
Биотин. Оны шаш пен тырнақ денсаулығына арналған дәрумен деп атайды.
-
Кремний. Коллагеннің өндірілуін қолдайды. Коллаген терінің созылғыштығына жауап береді.
-
Коэнзим Q10. Жүрек денсаулығына және терінің жастығына арналған.
-
Гиалурон қышқылы. Тіндердің созылғыштығына жауап береді. Әсіресе, буындар мен терілерге жақсы.
50 жастан кейін жоғарыда көрсетілген дәрумендер мен минералдардың тәуліктік қажеттілік мөлшері артады. Келесі қоректік заттарды қосу ұсынылады:
-
Кешкі наурызгүл майы. Әйел денсаулығының тағы бір жақсы досы.
-
Индол-3-карбинол. Айқас гүлділер тұқымдас көкөністердің құрамында болады. Ісікке қарсы қасиеттері бар.
Соңғы бірнеше жылда медицина қызметкерлері мен ғалымдар денсаулық пен жастықты қолдап отыру үшін пептидтердің тиімділігін мойындады. Пептидтер – жасуша деңгейінде әрекет ететін амин қышқылдарының қысқа тізбектері.
Пептидтер дәрумендермен бірлесіп тамаша нәтижелер көрсетеді. Алайда, дәрумендер мен минералдарды қабылдауға мүмкіндігіңіз болмаса, тек пептидтерді ғана қабылдаңыз. Олар сіздің жасушаларыңызды барлық қажетті амин қышқылдарымен қоректендіріп, жасушаңызды қысқа мерзімде қалпына келтіреді.
Амин қышқылдары – бұл планетамыздағы барлық тірі ағзаларда бар зат, ағзамыздың «іргетасы».
Пептидтер химиялық заттар да, гормондар да болып табылмағандықтан, оларды кез келген жаста қабылдау пайдалы. Олардың жанама әсерлері мен қарсы көрсетімдері жоқ, сондай-ақ олар дәрі-дәрмекке тәуелді қылмайды.
Әр мүше мен жүйенің өз пептидтері бар. Әйелдерге аналық жыныс безі пептидтерін, қалқанша без пептидтерін және эпифиз пептидтерін қолдану ұсынылады. Олар ұзақ жылдар бойы ағзаңыздың саулығы мен жастығын қамтамасыз етеді.
В разделе собраны статьи об эффективности применения пептидов, а также с информацией о CLUB120