Статьи о пользе витаминов и пептидов
2020 жылдың басында бүкіл әлем ең ірі әрі күрделі сынаққа тап болды, нақтырақ айтқанда әлемді COVID-19 деп аталған, қазаға ұшыратуы мүмкін коронавирустың жаңа түрі жайлады. Бұл әдеттегі суық тию емес. Ағымдағы сәтте қандай да бір болжамдар жасауға әлі ерте, себебі оқиғалар барысын алдын ала болжау мүмкін емес деуге болады. Бірақ біз өзімізді қауіпті аурудан қорғау және жұқтыру ықтималдығын төмендету үшін бар күшімізді сала аламыз.
Коронавирус дегеніміз не?
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирустарға «құрамына адамдарды әдеттегі суық тиюден бастап пневмонияның ауыр түрлеріне дейінгі бірқатар ауруларға шалдықтыруы мүмкін вирустар кіретін вирустардың үлкен тобы» деген анықтама береді. Кейбір жануарлар да коронавирус жұқтыруы мүмкін.
Жаңа COVID-19 коронавирусы Қытайда 2019 жылдың соңында пайда болды. Небәрі үш айдан астам мерзім ішінде ауру әлемнің 200-ге жуық еліне таралып, оны Жер шарының жарты миллионға жуық адамы жұқтырды. Қазалы жағдайлар саны күн сайын артып келеді.
Вирустың жаңа түрі 65 жастан асқан адамдар үшін ең қауіпті екендігі анықталды. Қазалы жағдайлардың көбісі науқастанғандардың тап осы санатына тиесілі. Бұл жас адамдар коронавирусты жұқтыруы мүмкін емес дегенді білдірмейді. Жұқтыруы мүмкін, алайда жасына байланысты олар ауруға оңай төзеді және олардың тірі қалу мүмкіндігі жоғары.
Covid-2019 коронавирусының қандай белгілері бар?
Коронавирус белгілері кез келген өзге респираторлық ауру белгілеріне ұқсас:
- Дене температурасының жоғарылауы;
- Шаршағандық;
- Құрғақ жөтел;
- Безгек ұстау;
- Тыныс алудың қиындауы, үнемі ентігу;
- Сүйектер мен буындардың ауырсынуы.
Сирек байқалады:
- Әртүрлі ауырсынулар;
- Мұрынның бітелуі;
- Мұрыннан су ағу;
- Фарингит;
- Іш өту;
- Иіс, дәм сезу қабілетін жоғалту.
Вирустар бактериялар емес екенін білу маңызды және оларды бір-бірімен шатастырмау керек. Әсіресе, емделу тұрғысынан. Бактериялар – күрделірек микроағзалар және вирустармен салыстырғанда, оларда жасуша болады. Бактерияларға қарсы антибиотиктер қолдануға болады. Антибиотиктерді вирустарға қарсы қолдану пайда бермейді. Мысалы, тұмау вирустық, ал баспа бактериялық ауру.
Вирустар ағзаға қалай әсер етеді және олар несімен қауіпті?
Вирустардың саны өте көп және олардың барлығы әртүрлі. Дегенмен, вирустардың барлығында жұқтыру процесі кезінде байқалатын жалпы заңдылықтар бар. Олардың негізгі белгісі – жасушаішілік паразитизм. Яғни, вирустар тірі жасушадан тыс өмір сүре алмайды және Жер бетіндегі барлық тіршілік иелері сияқты өздігінен ақуыз өндіре алмайды. Сондықтан өмір сүру және көбею үшін оларға тірі ағза қажет.
Вирус тірі ағзадан тыс болған уақытта биополимер бөлшегі түрінде өмір сүреді. Иесін таба салысымен ол оның жасушаларына еніп, тасымалдаушының материалы есебінен белсенді көбейе бастайды. Бұл науқастың вирустар жаулаған жасушаларының зақымдануы мен жойылуына әкеп соқтырады.
Әрбір вирус белгілі бір тірі ағзаның белгілі бір жасушаларына ғана бағытталады. Осы жасушаларға түсіп, көбею арқылы вирус оларды зақымдайды және жасушаның қалыпты жұмысының бұзылуына әкеп соқтырады. Осылайша, ауру туындайды. COVID-19 жағдайында, вирустар өкпе жасушаларын зақымдайды, тіпті осының салдарынан мүше толық істен шығуы мүмкін.
Вирустарды немен емдейді?
Бақытымызға орай, вирустарды емдеуге болады және бұл үшін көптеген тиімді препараттар бар. Бұған қоса, күн сайын бүкіл әлем бойынша вирустарға қарсы жаңа дәрілер дайындалуда.
Вирустармен күресудің ең тиімді тәсілдерінің бірі – егілу. Алайда, COVID-19 коронавирусына қатысты бұл ұсыныс жарамсыз, себебі қазіргі уақытта оған қарсы вакцина жоқ. Коронавирус жұқтырған науқастарды емдеу үшін әртүрлі препараттар кешені қолданылады.
Қандай да бір дәрі немесе компонент COVID-19 ауруына қарсы 100% тиімді деп айтуға келмейді. Әр ел оны өздерінің тексерілген дәрі-дәрмектерімен емдейді. Бірақ бұл оған қарсы дәрі табылмайды дегенді білдірмейді. 2020 жылғы коронавирусқа қарсы вакцина мен препаратты жасап шығару бірнеше айға ғана созылады және 2020 жылдың соңына қарай немесе одан да ертерек дәрігерлер бұл аурумен тиімді күресу жолын табады.
Қалай вирусты жұқтырып алмауға болады және оқшаулану неліктен осыншама маңызды?
ДДСҰ бірқатар профилактикалық шаралар дайындады, оларды орындау арқылы өзіңді коронавирус жұқтырудан қорғай аласың. Жалпы алғанда, бұл алдын алу ережелерін вирустың кез келген түріне қолдануға болады:
- Қол гигиенасы (сабынмен жуу немесе құрамында спирті бар құралмен жиі өңдеу).
- Жөтелуші немесе түшкіруші адамдардан алшақ жүру.
- Қолыңызбен бетіңізді және көздеріңізді ұстамау.
- Шынтаққа немесе майлыққа жөтелу және түшкіру.
- Адамдар жиналатын орындарға бармау.
- Көшеде маска киіп жүру.
- Үйді күнделікті ылғалмен тазалау.
- Азық-түлік өнімдерін жақсылап жуу және өңдеу.
Алайда, вирусты толығымен жеңу үшін бұл шаралар аз. Коронавирус жұқтыру ықтималдығын төмендету немесе одан барынша сақтану үшін өз-өзіңді оқшаулау қажет. ДДСҰ мамандары өз-өзіңді оқшаулау COVID-19 вирусынан толық қорғамайтынын мойындағанымен, бұл шара оны жұқтыру қарқынын тежеуге көмектеседі деп есептейді. Бұл мемлекеттің денсаулық сақтау саласына түсетін жүктемені төмендетіп, науқастанған әр адамның сауығу мүмкіндігін арттырады.
Мұның барлығында иммунитеттің атқаратын рөлі қандай?
Жалпы алғанда, вирустармен, соның ішінде COVID-19 вирусымен күресте біздің иммунитетіміз басты рөл атқарады. Тиімді емделу үшін ең жақсы дәрі-дәрмектерді қолдануға болады. Алайда, егер иммунитетіміз әлсіресе, вирусты қайтадан жұқтыруымыз мүмкін. Вакциналар иммунитетті белсендіруге негізделеді, бірақ қазіргі уақытта коронавирусқа (сондай-ақ басқа да көптеген вирустарға) қарсы вакцина болмағандықтан, ағзамыздың жалпы иммундық қорғанысын күшейту маңызды.
Патоген ағзаға түскен кезде ағзаның иммундық жүйесі іске қосылады. Ол қоздырғышты (вирусты немесе бактерияны) анықтап, жою үшін зақымданған жерлерге арнайы жасушалар мен ақуыздарды жібереді. Бұл процесс денені қабындырып, дене температурасын жоғарылатады. Әлсіздік, дененің ауырсыну сезімі сияқты бізге жағымсыз белгілердің барлығы иммунитеттің зиянкестермен күресу нәтижесі болып табылады. Егер иммунитет бұған дер кезінде тойтарыс берсе, ауру туындамайды.
Дәл осы процесс коронавирусты жұқтыру кезінде де жүреді. Егер біз өзімізді COVID-19 вирусын жұқтырудан қорғай алмасақ, онда ағзамызға осы вирусты жеңуге мүмкіндігінше көмектесуіміз керек. Сондықтан пандемия кезінде барлық күшімізді ең әуелі иммунитетті нығайтуға жұмылдыруымыз керек.
Иммунитетті қалай жоғарылатуға болады? Иммун модуляторлары дегеніміз не
Иммун модуляторлары – бұл иммунитетті ынталандырып, белсендіруге қабілетті препараттар. Олардың табиғи және синтетикалық түрлері болады. Табиғи түріне әртүрлі шөптер мен жануар тектес компоненттер жатқызылады. Синтетикалық иммун модуляторлары – бұл зертханада алынған препараттар. Иммун модуляторлары ағзаның әртүрлі вирустарға жалпы төтеп беру қабілетін арттыруға арналған.
Табиғи иммун модуляторлары:
Колострум – сиырдың уызы негізіндегі препараттар. Уыздың құрамы сүт құрамынан қатты өзгешеленеді. Ол иммундық жүйені қалпына келтіруге, қолдауға және белсендіруге қажетті заттарға бай.
Адамтамыр – бұл өсімдік, бұрын ойлағандай, вирустармен күреспейді. Ол иммундық жүйенің компоненттерін нығайтып, сергітеді.
Куркума – бұл компонент дәмдеуіш ретінде жақсы танымал. Бірақ соңғы жылдары оны вирустардан қорғаныс ретінде жиі қолданады. Кейбір деректерге сүйенсек, куркумин деп аталатын белсенді зат иммундық жүйені С дәруменіне қарағанда 5-8 есе жақсырақ нығайтады.
Итмұрын – бұл жидектің құрамында С дәрумені лимонға қарағанда 40 есе көп. Сондай-ақ оның құрамында темір, калий, магний, органикалық қышқылдар мен илік заттектер бар.
Прополис – ара өндіретін бұл өнімнің құрамында микроэлементтердің түгелдей дерлігі (мырышты, кальцийді қоса алғанда), сондай-ақ флавоноидтар, ферменттер және С, D дәрумендері мен B тобының дәрумендері бар.
Қойдың майы – қойдың майы өкпе аурулары үшін жиі қолданылады, бұл коронавирус пандемиясы кезінде өзекті болып табылады. Әрине, COVID-19 вирусынан құтқармайды, бірақ ағзаны қолдап, оны қалпына келтіруге көмектеседі.
Табиғи иммун модуляторларының тізімі жоғарыда аталған бесеуімен шектелмейді. Ағза сау жұмыс істеуі үшін дәрумендер де маңызды рөл атқарады. Ағзаны жалпы қолдап отыруға арналған тағамдық қоспа түрінде дәрумен-минерал кешендерін қабылдауға болады.
Синтетикалық иммун модуляторларына келетін болсақ, сізге олардың атауы мен мөлшерін дәрігерден нақтылап білу қажет.
Иммунитетке арналған пептидтер
Гуморалдық және жасушалық иммунитетті нығайтуда біздің кеуде қуысымыздың үстіңгі бөлігінде орналасқан тимус (немесе айырша без) мүшесі маңызды рөл атқарады. Бұл иммундық жүйенің орталық мүшесі. Тап осы жерде иммун жасушалары жасалып, дайындалады. Тиісінше, тимустың дұрыс жұмыс істемеуі ағзаның вирустарға, соның ішінде коронавирусқа сезімталдық деңгейінің жоғарылауына әкеп соқтырады.
Жануарлардың тимусы негізінде арнайы препараттар – адамдардағы осы мүшенің жұмысын қолдап отыруға әрі қалпына келтіруге, ағзаның жалпы тұрақтылығын арттыруға арналған пептидтер дайындалады. Оларды иммун реттегіш пептидтер деп те атайды. Олар жасуша деңгейінде әрекет етеді және ДНҚ мен ақуыздар арасындағы сигнал «сапасының» жақсаруына жағдай жасайды, ақуыз биосинтезіне ықпал етеді және иммун жасушаларының секрециясын қалпына келтіреді.
Пептидтер Т және В-лимфоциттердің санын ұлғайтып, олардың функционалдық белсенділігін арттырады.
Сондай-ақ иммун реттегіш пептидтерге сүйек кемігі негізіндегі пептидтер де жатады. Олар антиденелердің түзілуіне жағдай жасайды. Барынша жақсы әсер алу үшін пептидтерді кешен түрінде қабылдау ұсынылады.
Клиникалық зерттеулер барысында пептидтер тәжірбеге қатысушыларға оң әсерін тигізді. Пациенттердің қан сарысуында M және G иммун глобулиндері санының ұлғаюы, сондай-ақ экстремалды факторлардың әсеріне жауап ретінде дамитын екінші реттік иммун тапшылығының реттелуі байқалды.
Нақтырақ айтқанда, тимус пептидтерін симптомдық құралдармен кешенді түрде қолдану 78% жағдайда иммундық жүйенің бұзылған көрсеткіштерін қалпына келтіруге мүмкіндік берді.
Зерттеулер көрсеткендей, иммун реттегіш пептидтер ағзаның иммундық жауабын күшейту үшін ғана емес, оны қоршаған ортаның зиянды әсерінен қорғау үшін де тиімді.
Пептидтерге қатысты зерттеулер жалғасуда, бірақ қазірдің өзінде олардың адам денсаулығын қалпына келтіру потенциалы жоғары деп айта аламыз. Сонымен қатар, вирусқа қарсы пептидтерді дайындау жұмыстары да белсенді жүргізілуде және олардың кейбірі өсімдіктерге сынақтар жүргізу кезінде жақсы нәтижелер көрсетті. Бұл болашақта пептидтер патогендермен күресуге арналған негізгі құралға айналуы мүмкін екенін білдіреді.
Ал әзірше пептидтерді ағзамыздың қорғаныс функцияларын жақсарту үшін қолданатын боламыз.
В разделе собраны статьи об эффективности применения пептидов, а также с информацией о CLUB120