Статьи о пользе витаминов и пептидов
Мықты денсаулық құпияларының көбісі тек таңдаулыларға ғана қолжетімді құпия білімдерге емес, жалпыға белгілі ережелерге негізделеді. Мысалы, гигиена ережелерін сақтау, өнімдерді жақсылап өңдеу және жұқтырған адамдармен байланысқа түспеу. Бірақ ең негізгі «құпия» – бұл, әрине, күшті иммунитет. Оған дәрумендердің қалай көмектесетінін осы мақаламызда қарастырамыз.
Дәрумендердің көмегімен суық тиюден қорғану – ішу керек пе, жоқ па
Мықты денсаулық құпияларының көбісі тек таңдаулыларға ғана қолжетімді құпия білімдерге емес, жалпыға белгілі ережелерге негізделеді. Мысалы, гигиена ережелерін сақтау, өнімдерді жақсылап өңдеу және жұқтырған адамдармен байланысқа түспеу. Бірақ ең негізгі «құпия» – бұл, әрине, күшті иммунитет. Оған дәрумендердің қалай көмектесетінін осы мақаламызда қарастырамыз.
Егер әлі ауырмаған болсаң, дәрумендер ішу керек пе?
Дәрумендер ағзаның барлық ішкі процестеріне қатысады. Әр секунд сайын олар біздің тіндеріміздегі миллиардтаған биохимиялық реакцияларды реттейді. Олардың жұмысын тәулік бойы біздің денеміздің игілігі үшін еңбек ететін құрылыс-жөндеу бригадасының жұмысымен салыстыруға болады. Бірақ дәрумендерді биохимиялық процестердің жетекшілері деп атауға келмейді. Бұлар, керісінше, қарапайым еңбекқорлар сияқты, оларсыз ағзаның сау жұмыс істеуі мүмкін емес деуге болады.
Дәрумендердің биологиялық әсері:
● тікелей немесе ферменттердің құрамында макронутриенттермен (ақуыздар, майлар және көмірсулар) зат алмасуға қатысады;
● қышқылдану процестеріне қатысады, осының арқасында макронутриенттерден ағзаның энергетикалық немесе материалдық қорлары түзіледі;
● жасушалардың өсуіне және бүкіл ағзаның дамуына ықпал етеді;
● жүйке жүйелерін нығайтады;
● диеталар кезінде, салмақ түсіру немесе қосу қажет болған кезде көмектеседі;
● дәрілердің жағымсыз әсерін төмендетеді немесе жояды.
Бірақ біз үшін ең маңыздысы – дәрумендердің иммунитетке оң әсер ететіндігі. Ол туа біткен иммунитетке де, жүре пайда болған иммунитетке де оң әсерін тигізеді. Кейбір дәрумендер, мысалы С, Е дәрумендері мен В тобының дәрумендері антиоксиданттар рөлін атқара алады. Ал А және D дәрумендері иммундық жауапқа ерекше әсер етуі мүмкін.
Сондықтан дәрумендерді ЖРВИ, ЖРА мен тұмаудың алдын алу үшін тиімді құрал деуге болады. Ең бастысы, гипервитаминозға жол бермеу үшін дәрумендердің ұсынылған мөлшерін сақтау керек.
Дәрумен жиынтықтарын қабылдау керек пе?
Барлығы 13 алмастырылмайтын дәрумен бар. Ағза оларды қажетті мөлшерде өндіре алмайды, сондықтан біз оларды күнделікті тамақтан алуымыз керек. Алайда қала адамының бүгінгі рационы мен тамақтану режимінде микронутриенттер аз. Сондықтан дәрумендердің жетіспеушілігін арнайы қоспаларды қабылдау арқылы толтыру қажет.
Ғалымдар дәрумендерді тұрақты түрде қабылдаушы адам ұзақ әрі сау өмір сүретінін дәлелдеді. Бірақ бұл жерде сөз тамақпен түсетін табиғи дәрумендер туралы болып отыр. Қазіргі таңда синтетикалық дәрумендердің, сондай-ақ биоқоспалар түріндегі дәрумендердің тиімділігі туралы пікірталастар көп. Осы орайда, дәрігерлер дәрумендерді мүлдем қабылдамағаннан гөрі, тым болмаса қоспалар түрінде қабылдауды ұсынады. Небәрі бір грамм болса да, олардың пайдасы зор.
Дәрумендер суда еритін (мысалы, С дәрумені және В тобының дәрумендері) және майда еритін (A, D, E және K) болып бөлінеді. Суда еритін дәрумендер ішекте сіңіп, қанымыз арқылы ағзаның қажетті тіндеріне тасымалданады.
В2 сияқты суда еритін дәрумендер несеппен шығарылады. Тиісінше, олардың қорларын үнемі толықтырып отыру қажет.
Майда еритін дәрумендер ағзада ұзағырақ сақталуы мүмкін. А және D дәрумендері бауырда, ал Е дәрумені май қыртыстарында жиналады. Оларды жеке (мысалы, В тобының дәрумендерін жеке) немесе жиынтық түрінде қабылдауға болады. Бұл ағзаңыздағы нақты бір проблеманы шешу керек болған жағдайда өте ыңғайлы. Әлде сізде дәрумендердің тек бір түрі ғана жетіспеуі мүмкін.
Жиынтақтар, өз кезегінде, жалпы авитаминоз байқалатын адамдар үшін жарамды. Оларды негізінен суық тию және тұмау маусымында (әсіресе көктем мен күзде) қабылдау ұсынылады. Дәрумендердің «командалық» жұмысының әсері айқынырақ.
Жиынтықтар барлық дәрумендердің күнделікті тұтыну нормалары орташа адамның салмағына сай келетіндей етіп өлшенген. Дәрігерлер жиынтықтардағы дәрумендердің «өзара қақтығысынан» қорықпау керек дейді. Себебі біз оларды тамақпен бірге қабылдаған кезде олар қақтығысқа түспейді.
Дәрумендердің орнына «иммунитет стимуляторларын» қабылдауға бола ма?
Дәрумендер мен иммунитет стимуляторларының (немесе иммун стимуляторларының) бірдей зат емес екенін түсіну керек. Иә, олардың ұқсас функциялары бар, алайда олардың негізгі әрекеті сәл өзгешеленеді. Дәрумендер иммунитеттен бөлек, ағзаның басқа жүйелеріне де әсер етеді. Олар күш пен жалпы төзімділікті арттырады, жиі жағдайда көңіл-күйге жақсы әсер етеді. Ал иммун стимуляторлары тек иммунитетке ғана әсер етіп, басқа жүйелерді қозғамайды.
Әрине, егер сіздің нақты мақсатыңыз иммунитетті арттыру болса, тек иммун стимуляторларын қабылдауға болады. Алайда, егер сізде дәрумендер жетіспесе, мұндай препараттардың әсері ұзаққа созылмайды және қандай да бір уақыт өткеннен кейін ауырып қалуыңыз мүмкін. Ал иммун стимуляторларын дәрумендермен бірге қабылдау анағұрлым ұзақ әсер етеді.
Дәрумендер немесе пептидтік жиынтықтар? Адам ағзасына әсері
Иммунитетті нығайту үшін тиімді тағы бір препарат пептидтер (немесе пептидтік биореттегіштер) болып табылады. Олар енді ғана танымал бола бастағанымен, қазірдің өзінде жоғары тиімділігімен көзге түсіп үлгерді. Әрбір мүше мен жүйенің өзіндік пептидтері бар. Бірақ бізді тап иммунитетке әсер ететіндері қызықтырады.
Пептидтердің әрекеті дәрумендердің әрекетінен өзгешеленеді. Сондықтан олар біздің денсаулығымыз үшін күресте бәсекелестер деуге келмейді. Пептидтер мен дәрумендер өте жақсы үйлеседі, осы арқылы бір-бірінің әрекетін бірнеше есе күшейтеді.
Дәрумендер, жоғарыда сипатталғандай, ағзадағы зат алмасу процестерін қолдап отыратын еңбекқорлар. Пептидтердің әрекеті әлдеқайда тереңірек. Олар ген экспрессиясының өзіне тікелей әсер етеді. Пептидтер ДНҚ-дан ағзадағы ақуызды түзетін молекулаларға сигналдың жеткізілуін жақсартуға көмектеседі. Олардың арқасында жасушалардың жаңару қабілеті жақсарады, сондай-ақ ақуыз биосинтезі белсендіріледі (ондағы зат алмасу процестеріне кейіннен дәрумендер көмектеседі).
Пептидтік биореттегіштерді оларды жасап шығарған ғалымның құрметіне Хавинсон пептидтері деп те атайды.
Нақты мүшелер мен жүйелерге тікелей әсер ететін пептидтік жиынтықтар бар. Соның ішінде, иммунитетті нығайтатын жиынтық қарастырылған.
CLUB120
Хавинсон пептидтерінің кең сұрыпталымын Клуб120 интернет-дүкенінен таба аласыз.
В разделе собраны статьи об эффективности применения пептидов, а также с информацией о CLUB120