Статьи о пользе витаминов и пептидов
Жалпақ тілмен айтқанда, пептидтер – бұлар барлық тірі ағзалардың негізгі құрылыс кірпіші болып табылатын амин қышқылдарынан тұратын кішігірім молекулалар.
Бұл ретте, мұндай амин қышқылдарының қосылыстары тізбектің ұзындығына тәуелді пептидтер немесе ақуыздар деп аталады. Егер молекулада 50 амин қышқылынан кем болса, бұл пептид, ал артық болса, ақуыз делінеді. Мысалы, гормондардың түгелдей дерлігі және қан плазмасының құраушылары – пептидтер.
Олардың бүгінде барлығымызға белгілі әрі үйреншікті протеин молекулаларынан кіші өлшемі пептидтердің жасушаларға әлдеқайда тереңірек енуіне, және тиісінше, өз тапсырмасын барынша тиімді орындауына мүмкіндік береді. Ал пептидтердің тапсырмалары өте көп.
Барлығына рет-ретімен тоқталайық.
Сонау 1900 жылы немістің органик химигі Герман Э.Фишер пептидтердің амин қышқылдарынан тұратындығы туралы гипотеза ұсынып, 1902 жылдың өзінде-ақ оған сөзсіз дәлелдер алды. Ал 1905 жылға қарай ол зертханалық жағдайларда пептидтерді синтездеудің жалпы әдісін ойлап тапты.
Біртіндеп ғалымдар әртүрлі қосылыстардың құрылысын зерттей бастады, молекулаларды бөлу әдістерін дайындап, пептидтерді кең ауқымда синтездеуді қолға алды.
1953 жылы Сенімділік гормоны деп аталатын окситоцин синтезделді, ол тыныштандырып, басқа адамдарға мейлінше тілектестік қарым-қатынас орнатуға жағдай жасайды. Және де көптеген пайдалы қасиеттері бар.
1963 жылы автоматты пептид синтезаторлары әзірленді – оларды қолдану синтетикалық инсулин мен кейбір ферменттерді алуға мүмкіндік берді.
Қазіргі таңда пептидтердің 1500-ден астам түрі белгілі, олардың қасиеттері анықталып, синтездеу әдістері дайындалды.
Негізгі функцияларының бірі ағзаның физиологиялық процестерін реттеу болып табылатын табиғи пептидтер туралы айтатын болсақ, олар адамда бірнеше минуттың ішінде-ақ түзіледі. Зертханалық жағдайларда химиялық синтездеу бірнеше күнге, ал синтез технологиясын дайындау бірнеше жылға созылуы мүмкін.
Дегенмен, табиғи пептидтердің баламаларын синтездеудің пайдалы екендігін растайтын ауқымды дәлелдер бар.
Олардың кейбірі жасушаларды қалпына келтіруге қатысса, басқалары ағзаны оған түскен токсиндерден қорғайды.
Жас ұлғайған сайын және патологиялар пайда болған кезде пептидтер тапшылығы туындайды. Бұл тіндердің тозу қарқынын едәуір үдетіп, ағзаның қартаюына әкеп соқтырады.
Тап осыған байланысты, жиі жағдайда пептидтерді шартты түрде «кәрілікке қарсы таблетка» деп атайды, себебі жасушаны зертханалық жағдайларда синтезделген қысқа пептидтермен қалыпты деңгейге дейін байыту ағзадағы көптеген физиологиялық процестердің сау әрі жас ағзадағыдай жүруіне көмектеседі.
Жалпы алғанда, өзінің биореттеушілік әсері бойынша пептидтерді бірнеше топқа бөлу қабылданған:
- гормондық белсенділік – глюкагон, окситоцин, вазопрессин және т.б.
- ас қорыту процестері – гастрин, асқазанның тежеуші пептиді және т.б.
- тәбетті реттеу – эндорфиндер, нейропептид-Y, лептин және т.б.
- ауырсынуды басу – опиоидты пептидтер
- жүйкенің жоғары белсенділігі, есте сақтау механизмдерімен байланысты биохимиялық процестер, үйрену, қорқу, ашулану сезімінің пайда болуы және т.б.
- күретамыр қысымы мен тамыр тонусы – ангиотензин II, брадикинин және т.б.
- ісікке және қабынуға қарсы – Луназин
Алайда, мұндай бөлу шартты болып табылады, себебі көптеген пептидтердің әрекеті қандай да бір бағытпен шектелмейді. Мәселен, вазопрессин тамыр тарылтқыш және антидиурездік әсерден бөлек, есте сақтауды жақсартады.
Бүгінде синтезделген пептидтер иммундық жүйені қолдауға арналған препараттардан бастап косметикалық құралдарға дейін өте кеңінен қолданылады.
Айтпақшы, косметологияда бүгінде пептидтердің 50-ге жуық түрі пайдаланылады. Негізінен, бұл жасушалардағы жаңару процестерін белсендіретін қартаюға қарсы косметика – кремдер, маскалар, сарысулар және тіпті инъекциялар түрінде келеді.
Мұның барлығы қуантатыны сөзсіз!
Бірақ жас көрінетін тері жастықтың өзін білдірмейтіндіктен, мәселеге кеңінен қарауымыз керек.
Ал жоғарыда айтылған «кәрілікке қарсы таблетка» дегенде пептидтік биореттегіштер түсініледі.
Пептидтік биореттегіштер – бұл арнайы геропротекторлық препараттар.
Олар гендердің белсенділігін реттейді және жасушалардағы метаболизмді тиімді деңгейге дейін қалпына келтіре алады.
Олардың әрекетінің арқасында қандай да бір мүшелердің функциялары қалпына келеді.
Уақытынан бұрын қартаюдың алдын алу және жасқа байланысты ауруларды емдеу мақсатында, герпротекторлық препараттардың жаңа класы ретінде пептидтік биореттегіштерді өндіру технологиясын Санкт-Петербург биореттеу және геронтология институты дайындады.
Кеңінен қолданыла бастаған жылдар ішінде пептидтік биореттегіштерді 15 млн астам адам қабылдады.
Және ең бастысы, оларды қолдануға қарсы көрсетімдер мен жанама әсерлер анықталған жоқ.
Ал препараттардың тиімділігі, өз кезегінде, әртүрлі зерттеулермен дәлелденді.
Жоғарыда айтылғандарға сүйене отырып, пептид технологияларының болашағы зор деп сеніммен болжай аламыз.
Біздің ортақ, бақытты әрі салауатты болашағымыз!
В разделе собраны статьи об эффективности применения пептидов, а также с информацией о CLUB120