Статьи о пользе витаминов и пептидов
Тарихқа үңілеміз, қазіргі жағдайды білеміз және бізді келешекте не күтетінін түсінуге талпынамыз.
Барлығы сонау 1800 жылдардың соңында, жасушалардың ішіндегі тұқым қуалаушылық бірліктері болып табылатын хромосомаларды анықтаған кезден басталды. Ал 1900 жылдардың басында-ақ тұқым қуалайтын аурулар алғаш рет хромосомалармен байланыстырылды.
1950 жылдары басталған ашылулар ғалымдарға Даун синдромы, муковисцидоз (ішкі секреция бездерін зақымдайтын, тыныс алу мүшелері мен асқазан-ішек жолы функцияларының қатты бұзылуына әкеп соқтыратын ауру) және Дюшеннің бұлшықет дистрофияcы сияқты күйлер үшін генетикалық сынақтар дайындауға көмектесті.
Генетикалық сынау бастапқыда генетикалық күй диагнозын қою немесе растау, сондай-ақ ерте араласу мен емдей алу мақсатында жаңа туған нәрестеде фенилкетонурия (ФКУ) сияқты күйлердің бар-жоғын скринингтеу үшін қолданылды.
Бұл кездері әлемде генетикалық сынақ жүргізе алатын бірнеше зерттеу зертханасы мен бірнеше коммерциялық зертхана ғана болды.
Небәрі бір-екі патологияны ғана анықтай алатын нүктелік сынақтар адамның денсаулық жағдайы, тұқым қуалаушылығы және оның әртүрлі ауруларға бейімділігі туралы толық мәлімет бере алмады.
Жылдар өте келе, технологиялардың дамуы, генетикалық сынау әдістерінің сапасы мен дәлдігінің жақсаруы анықталатын тұқым қуалаушы аурулар санының өсуіне себепші болды, және мұндай ауқымдылық соңғы тұтынушы үшін бағаны едәуір төмендетуге көмектесті.
Мұндай жан-жақты даму кейіннен Генетикалық паспорт қызметінің пайда болуына жағдай жасады.
Генетикалық поспорт – бұл генетик дәрігерлер қолжетімді тәсілмен түсіндірген генетикалық сынау нәтижелері көрсетілген құжат.
Қазіргі таңда әлемде генетикалық материалдарды жинау мен сынау жұмыстарын орындайтын көптеген компания бар. Дерекқорлар құрылуда, мысалы, Исландияның дерекқорында бүкіл елдің генотиптері бар, АҚШ-та да генетикалық ақпараттардың ұлттық дерекқоры құрылған. Ал бірінші орында – Ұлыбритания, мұнда 20 жыл жұмыс істеу барысында шамамен 6 000 000 сынама жиналған.
Ресей мен ТМД елдері аумағында әлі өз клиенттеріне осы бағыттағы қызметтердің толық спектрін ұсына алатын компаниялар көп емес.
Іс генетикалық материалды жинаумен ғана шектелмейді, бұл үшін, екіншіден, алынған деректерді сауатты шифрлеп, түсіндіре алатын тәжірибелі әрі білікті мамандар, дұрыс әрі дәлдігі жоғары жабдықтар да қажет, үшіншіден, клиентке ыңғайлы форматта толық әрі түсінікті ақпарат беру талап етіледі.
Жетекші халықаралық компаниялардың бірі ағзаны зерттеуге бағытталған озық әдістерді дамыту мақсатында генетикалық сынауды қолданады.
Бұл мұны қалаған адамдардың тұрғылықты жеріне қарамастан, олардың барлығына әрдайым деңгейі жоғары әрі сапалы қызметтерді тиімді бағамен ұсынуға мүмкіндік береді.
Компанияда барлық зерттеу кезеңдері америкалық Illumina фирмасының жабдықтарында, дәлдігі 99,9% ДНҚ-микрочип технологиясы бойынша өткізіледі. Бұл батыста ең кең таралған әрі өзін жақсы көрсете білген сынау тәсілі.
Зертханада ең кең клиникалық зерттеу дерекқорларының бірі бар, бұл барынша дәл салыстырмалы талдау жасауға мүмкіндік береді.
Мысалы, мұнда клиентке әртүрлі аурулардың даму қаупін ерте анықтауға, сондай-ақ жаңа, кең таралған аурулардың пайда болу қаупін төмендетуге көмектесуі әбден ықтимал.
Денсаулықты басқарудың жеке бағдарламасы, тамақтанудың генетикалық ерекшеліктері және физикалық жаттығулар бойынша ұсыныстар беріледі.
Қызметтер аясына тіпті anti-aging маманның жеке көмегі де кіреді.
Басқаша айтқанда, клиенттің қолында салауатты өмір салты жөніндегі нағыз жеке нұсқаулық пайда болады.
Тұқым қуалаушылық туралы біле және өз ағзаңыздың зат алмасу, физикалық жаттығулар кезіндегі ерекшеліктерін және тіпті белгілі бір дәрі-дәрмектерге реакциясын ескере отырып, қалай әрекет ету керектігін түсінесің.
Осындай бірегей әрі баға жетпес ақпараттардың көмегімен келешегіңізге батыл қадам жасап, ауқымды әрі ұзақ мерзімді жоспарлар құра аласыз.
Мұның барлығы болашақта біздің мейлінше тиімді «дербестендірілген медицина» заманында өмір сүруімізге алғышарт болатындай. Ал генетикалық сынау нәтижесінде алынған ақпараттар қауіптерді анықтауға, денсаулықты қолдап отыру стратегияларын құруға, аурулардың кең спектрі үшін барынша дәл диагноз қойып, оларды емдеу нұсқаларын анықтауға көмектеседі.
Болашақты дәл білу мүмкін еместігі түсінікті, дегенмен салауатты, жігерлі болуға және оған дайын жүруге болады және тіпті қажет.
В разделе собраны статьи об эффективности применения пептидов, а также с информацией о CLUB120