Статьи о пользе витаминов и пептидов
Қазіргі медиа-кеңістікте әртүрлі биологиялық белсенді қоспалардың көмегімен жүрек денсаулығын қалай қолдап отыру керектігі туралы ақпараттар өте көп. Нутрициологиядан алыс адам кей жағдайда бір-біріне қарама-қайшы деректер ағынында оңай шатасып кетуі мүмкін. Сонымен, қандай қоспалар шын мәнісінде маңызды және олар тіптен маңызды ма?
Жүрекке арналған ББҚ-лар – ішуге болады ма?
Шолуымызды бастамастан бұрын, ББҚ-лардың ағымдағы, әсіресе, асқыну сатысындағы жүрек-қан тамырлары ауруларын емдеуге арналмағанын айта кеткіміз келеді. Олар тек жасушаларды «қоректендіріп», жүрек пен қан тамырларындағы зат алмасу процестерін жақсартады. Жүрек ауруларын емдеу үшін жеке емдеу курсын таңдайтын бейінді дәрігерге жүгіну керек.
«Онда биоқоспалардың мәні неде?» деген сұрақ туындайды. ББҚ-лар тамақтану рационына қосымша заттар қызметін ғана атқарады. Олар біздің қазіргі мәзірімізде жетіспейтін қандай да бір қоректік заттардың тапшылығының орнын толтырады.
Біздің жүрегіміз ешқашан демалмайды. Оның жұмысы тіпті сіз ұйықтаған кезде де тоқтамайды және ол күйзеліс жағдайлары немесе қарқынды жаттығулар кезінде екі есе жұмыс істейді. Біз қандай да бір мүшесіз өмір сүре аламыз, бірақ жүрексіз өмірді елестету мүмкін емес. Мұның барлығы жүрек бұлшықетінің денсаулығына екі есе көп көңіл бөлу керек дегенді білдіреді. Әсіресе, сіздің туыстарыңыздың арасында жүрек ауруына шалдыққандар болса, сақтану қажет.
Біз сіздің жүрегіңіз бен қан тамырларыңыздың оңтайлы жұмысын қолдап отыруға көмектесетін бірнеше биологиялық белсенді қоспаға назар аударуды ұсынамыз. Микронутриенттердің жетіспеушілігін толтыру үшін көп ББҚ қабылдау міндетті емес. Үшеуі жеткілікті.
1. Q10 коэнзимі
Бұл ағза өз бетімен өндіре алатын кофермент. Ол маңызды функцияларды орындайды, соның ішінде митохондриялардағы электрондарды тасымалдайды, осының есебінен жүрек бұлшықеті жиырылады. Сондай-ақ күретамыр қысымын реттейді.
CoQ10 ағзаның қышқылдануын болдырмайтын антиоксидант ретінде де әрекет етеді. Бұл ферменттің өндірілуі жас ұлғайған сайын баяулайды, сондықтан оны биоқоспа түрінде қабылдау ұсынылады.
2. Omega-3 полиқанықпаған май қышқылдары
Омега 3 – ЖҚЖ денсаулығы үшін ең маңызды қоректік заттардың бірі. Олар қабынудың алдын алады, қан қысымын реттейді және жүректің қалыпты жұмысын қолдайды.
Бұрындары ағза бұл майларды тамақтан, әсіресе балықтан алатын. Алайда, қазіргі жасанды жолмен өсірілген балықтар мен теңіз өнімдері бұл май қышқылдарына онша бай емес.
3. Астаксантин
Астаксантин – балдырлар мен кейбір теңіз жануарларының тері жамылғыларында кездесетін және ашық қызғылт түске әсер ететін бірегей антиоксидант. Астаксантиннің белсенді компоненттері жүрек денсаулығын қолдап отырады, сондай-ақ қабынуға қарсы әсер етеді.
Астаксантин холестерин деңгейін қалыпты шектерде ұстайды.
Жүрек денсаулығы мен жұмысын жақсартуға арналған пептидтер
Енді жүрек денсаулығын қолдауға арналған тағы бір күшті компонент – пептидтер туралы сөз қозғайық. Пептидтер дегеніміз не және олар ББҚ-лардан несімен жақсырақ?
Пептидтер – бұл 2-4 амин қышқылынан тұратын аса қысқа тізбектер. Әлемде олар көбінесе пептидтік биореттегіштер немесе Хавинсон пептидтері ретінде белгілі. Олар тіндер мен мүшелерді жасуша деңгейінде қалпына келтіруге қабілетті.
● пептидтер тиісті мүшенің жасушаларына тікелей әсер етеді (мысалы, жүрек пептидтері тек жүрекке, бауыр пептидтері тек бауырға ғана әсер етеді және т.с.с.). Осының арқасында оларды бір-бірімен, сондай-ақ әртүрлі дәрілік препараттармен кешенді түрде қабылдауға болады.
● миокард жасушаларындағы зат алмасу процестерін реттейді, осының арқасында жүрек-қан тамырлары жүйесінің жұмысы қалпына келеді;
● миокардиоциттердің резервтік мүмкіндіктерін арттырады.
● ағзаның асқан психологиялық және физикалық жүктемелер жағдайында бейімделуіне көмектеседі.
● гендердің экспрессиясына оң әсер етеді. Пептидтер сигналдық молекулалар бола тұра, ақпараттардың ДНҚ-дан ақуыздарға берілуін жақсартады.
● жасушалардың тіршілік қызметі резервін ұлғайтады, бұл ағзаның жастық кезеңін ұзартады.
● жалпы көңіл-күй мен сезімді жақсартады.
Клиникалық зерттеулер жүрек пептидтерін тұрақты түрде қабылдау стенокардия ұстамаларының едәуір төмендеуіне (қабылдауға дейінгі жағдаймен салыстырғанда 1,9 есе сирек), жүрек тұсындағы ауырсынулардың азаюына, жүрек жасушаларындағы минералдық алмасудың жақсаруына ықпал еткенін көрсетті. Науқастардың 54,5%-ы жүрек пептидтерін қолдану арқылы кешенді емделуден кейін шектік жүктеме деңгейінде жүректің жиырылу жиілігінің (ЖЖЖ) субмаксималды көрсеткішіне қол жеткізген.
Осылайша, жүрек пептидтерінің жүректің ишемиялық ауруына шалдыққан науқастарда миокардтың жиырылу функциясына айқын әсер ететіндігі анықталды.
Пептидтік биореттегіштердің тағы бір артықшылығы – олардың жанама әсерлері жоқ, себебі олар күрделі химиялық қосылыстардан емес, жай амин қышқылдарынан тұрады, құрамында токсиндер болмайды. Пептидтердің қанға тез түсетіндігі соншалық, иммундық жүйе бұған жауап қайтарып, антиденелер бөлуге үлгермей қалады, бұл аутоиммундық ауруларға шалдыққан адамдар мен аллергиядан зардап шегетіндер үшін артықшылық болып табылады. Пептидтер дәрілік тәуелділікке себепші болмайды.
Кешендердің әрекеттерін салыстыру: нені таңдау керек? ББҚ-лар немесе Хавинсон пептидтері
Пептидтер де, ББҚ-лар да аса маңызды. Бұл ретте, олардың айырмашылығы неде? ББҚ-ларға қарағанда пептидтер тереңірек әрекет етеді. Олар гендердің экспрессиясына тікелей әсер етіп, біздің ДНҚ-мыздың жасушаларда жақсы жұмыс істеуіне көмектеседі. Ал ББҚ-лар тек зат алмасу процестерін жақсартады. Бұл, әрине, маңызды, бірақ гендердің экспрессиясы нашар болған жағдайда онша пайда бермейді.
● пептидтерді жүрек-қан тамыры ауруларын кешенді емдеу кезінде қолдану ұсынылады. Олар дәрілердің емдік әсерін күшейтеді.
● ББҚ-лардың көбісінің әрекеті әрдайым клиникалық зерттеулермен бекітіле бермейді, ал пептидтердің бірнеше тілдегі кең ғылыми-клиникалық зерттеу базасы бар.
● пептидтер ақуыз биосинтезін жақсартады, осының арқасында зақымданған жасушалар қалпына келеді және олардың кейіннен зақымдануына тосқауыл қойылады.
● егер ББҚ-ларды денеміздің құрылыс материалы деп алсақ, онда пептидтер іргетас қызметін атқарады.
Пептидтер мен ББҚ-лардың әрекеттерінде айырмашылық бар екеніне қарамастан, тек ББҚ-ларды немесе тек пептидтерді қабылдау керек деуге болмайды. Қоректік заттардың пептидтермен үйлесуі мүшелер мен тіндердің сау жұмысының қалпына келуіне жақсырақ әсер етуі мүмкін.
Қан тамырлары пептидтерімен кешенді түрде қолдану кезінде жүректі ғана емес, қан тамырларының қабырғаларын да нығайтады. Бірнеше пептидтің үйлесуінің арқасында оларды қолдану аясы кеңейеді.
CLUB120
Хавинсон пептидтерінің кең сұрыпталымын Клуб120 интернет-дүкенінен таба аласыз.
В разделе собраны статьи об эффективности применения пептидов, а также с информацией о CLUB120