Статьи о пользе витаминов и пептидов
Біздің денеміз ғажайып биологиялық механизм, оның барлық процестері табиғатпен мінсіз бағдарламаланған. Негізгі «бағдарламалардың» бірі жасушалардың үздіксіз жаңаруы болып табылады. Бұл тіндердің тіршілік қызметі мен сау жұмысын қолдап отыру үшін қажет.
Орташа есеппен алғанда, ағзада 37 триллионға жуық әртүрлі жасуша бар. Бұл терінің, мүшелердің, қанның, қан тамырларының және т.б. жасушалары. Оларда әр секунд сайын үздіксіз зат алмасу мен жаңару процестері жүреді. Күн сайын біздің денемізде 50-70 млрд жасуша өледі. Өлген жасушалардың орнына дереу жаңалары жасалып отырады. Қалыпты жағдайда апоптоз (жасушалардың өлуі) және регенерация процестері тепе-тең болуы тиіс. Осылайша, ағзаның жастығы мен саулығы қамтамасыз етіледі.
Алайда, уақыт өте келе жасушалардың тіршілік циклі мен синтездеу жылдамдығы төмендейді. Сондай-ақ ағзадан өлі жасушалар мен ақуыз қалдықтарын шығару процесі де баяулайды. Мұның барлығы зиянды заттардың тұрып қалуына, тіндердің қабынуына және күйінің нашарлауына әкеп соқтырады. Тап осы жағдай әртүрлі ауруларға және ерте қартаюға себепші болады.
Сан ғасырлар бойы адамзат қартаюды тоқтатып, жастықты қалпына келтіру, яғни, сайып келгенде, жасушалардың қалыпты регенерациясын қалпына келтіру жолдарын іздеп келеді. Және тек қазір ғана ғалымдар бұл мәселені шешуге жақындай алды. Мұндай шешім қызметін пептидтік биореттегіштер немесе жай ғана пептидтер атқарады.
Пептидтердің биологиялық рөлі
Адам ағзасында пептидтер әр жасуша мен тіндерде кездеседі және олар көптеген маңызды функцияларды атқарады. Денсаулық пен жастықты қолдап отыру үшін пептидтердің ұсынылған концентрациясы мен белсенділік деңгейін сақтау қажет.
Пептидтер – бұл 2-4 амин қышқылынан тұратын аса қысқа тізбектер. Оларды өткен ғасырдың жетпісінші жылдары профессор В.Х. Хавинсон бастаған ғалымдар тобы дайындады. Пептидтердің дайындалуы соңғы елу жыл ішіндегі жасару саласындағы ең басты жетістіктердің бірі деп есептеледі. Бүгінде оларды пептидтік биореттегіштер деп атайды. Олар денсаулыққа қатысты көптеген проблемаларды шешуге көмектеседі.
Пептидтерге қатысты бірнеше жайтты анықтап алған жөн:
● ақуыздар да амин қышқылдарынан тұрады, бірақ пептидтер ақуыз емес. Амин қышқылдарының санындағы айырмашылық – ақуыздарда олардың саны 50-ден асады;
● амин қышқылдары — барлық тірі ағзалардың негізі. Күрделі тізбектерге біріге отырып, олар Жер бетіндегі бүкіл тіршілік иелерінің жасушалары мен тіндерінің негізін құрайтын ақуыздарды түзеді;
● ақуыздар мен амин қышқылдарынсыз біздің планетамыздағы өмірді елестету мүмкін емес.
Пептидтерді «сигналдық» немесе «ақпараттық» молекулалар деп те атайды. Олар зат алмасу процестерін реттейді, жасушалардың тіршілік циклін ұзартады және олардың регенерациясын қалпына келтіреді. Пептидтер ДНҚ-дан берілетін ақпараттарды жасушаларға жеткізеді және олардың тіршілік қызметінің негізгі реттегіштері ретінде әрекет етеді.
Бұл қалай жұмыс істейді?
Жасуша ядросына жетіп, пептидтер біздің ДНҚ-ға түседі және оған тиісті сигналды әртүрлі ақуыздарға кедергісіз жеткізуге көмектеседі. Бұл гендердің экспрессиясын жақсарту деп аталады. Нақтырақ түсіну мақсатында, біздің ағзамыз бастық (ДНҚ) басқаратын ірі өндірістік кәсіпорын деп алайық. Барлық департаменттер оның нұсқауларына сәйкес жұмыс істейді.
Басшылықтың бүкіл нұсқауларын арнайы шабармандар өндірістік цехтерге жеткізеді. Ал енді шабармандар саны азайды немесе олар өз жұмыстарын нашар орындай бастады деп елестетіп көріңіз. Мұндайда басшылық пен орындаушылар арасындағы байланыс нашарлайды. Техникалық тапсырма қажетті департаментке жеткізілмейді, жұмыс онсыз орындалады және бұл жұмыс сапасы мен жалпы өнімділікке сөзсіз әсер етеді. Бұл байланысты қалпына келтірмеген жағдайда, алдағы уақытта кәсіпорынның өндіріс көлемі төмендеуі немесе ол мүлдем құлдырауы мүмкін.
Шабармандардың жұмысын қалпына келтіру арқылы біз техникалық нұсқаулықтардың жеткізілуін және сәйкесінше, өндірістік цехтердің жұмысын жақсартамыз. Тап осы шабармандар қызметін сигналдық молекулалар – пептидтер атқарады.
ДНҚ-дан ақуыздарға берілетін жетілдірілген сигналдың арқасында мыналар қалпына келтіріледі:
● ақуыз регенерациясы мен биосинтезі;
● ағзаның жасару процестері;
● тіршілік ресурстары;
● иммунитет;
● барлық мүшелер мен жүйелер, соның ішінде жүйке жүйесі.
● бездер және олардың сау жұмыс істеуі.
Пептидтерді тағамнан алуға болады, бірақ олардың тағамдағы мөлшері регенерация процестерін іске қосу үшін жеткіліксіз. Сондықтан пептидтерді препараттар түрінде қабылдауға болады.
Адам ағзасындағы әрбір мүше мен жүйеге арналған пептидтік препараттардың өзіндік сипаттары бар және олар бір-бірімен өзара әрекеттеспейді. Мысалы, бауырға арналған пептидтік препарат тек бауырға ғана, көз торына арналған пептидтер көз торына ғана әсер етеді және т.с.с. Сондықтан пептидтік биореттегіштер ағзаға кеңінен әсер етуі және бір-бірінің әрекетін тежемеуі үшін оларды кешенді түрде қабылдау ұсынылады.
Пептидтер қалай өндіріледі?
Пептидтердің екі түрі бар – синтетикалық және табиғи. Синтетикалық пептидтер зертханаларда дайындалады және олардың әрекеті табиғи пептидтерден еш өзгешеленбейді. Олар қабылдау курсы басталғаннан кейін бірден әрекет етеді, бірақ бұл сіз оларды қабылдап жатқан кезең ішінде ғана жалғасады. Синтетикалық пептидтерді жылдам қалыпқа келу қажет болған кезде ғана қабылдау ұсынылады. Алайда, олардың ұзақ мерзімді әрекет ететіндігіне сенудің қажеті жоқ.
Табиғи пептидтердің, керісінше, жинақтаушы әсері бар, олар бірден әрекет етпейді, бірақ олардың әсері ұзағырақ. Пептидтерден максималды пайда алу үшін курсты синтетикалық пептидтерден бастап, табиғи пептидтермен жалғастыруға болады.
Табиғи пептидтер жас жануарлардың (әдетте бұзаулардың, кейде шошқалардың) мүшелерінен алынады. Материал алынғаннан кейін қатырылады да, кейінгі реттік өңдеу және сығынды алу үшін зертханаға жөнелтіледі. Зертханада жоғары технологиялы жабдықтың және қатаң тазалау процесінің арқасында пептид ұнтағы алынып, ол кейіннен капсулалар түрінде қапталады. Әлде косметикалық препараттармен (егер бұл теріге күтім жасау құралы болса) араластырылады.
В разделе собраны статьи об эффективности применения пептидов, а также с информацией о CLUB120